Сақтандыру бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі туралы …
Кәсіби жауапкершілік жүйесі аясында медицина қызметкерлері жанжалды сотқа дейін реттеуі керек (шағым мен шешімін қарау және тәуелсіз сарапшылар) және келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуі тиіс.
Пациент келіспеген жағдайда-медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі деңгейінде қаралып, оның қорытындысы залалды өтеу үшін сақтандыру компаниясына жіберілуге тиіс. Науқастың туысы немесе өзі келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқығы бар.
Медицина қызметкері тарапынан пациенттің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу қолданыстағы сақтандыру компаниялары арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бұл жағдайда “сақтандырушы” – жұмыс беруші болып табылады, ал медициналық ұйым сақтандыру компаниясымен ұжымдық шарт жасасады.
Заң жобасында кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін құқық бұзушылықтарды ізгілендіру және қылмыстық кодекс бабының санкциялық шараларын төмендету жөніндегі нормалар көзделген.
Мұндай жағдайда, денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл мөлшерін және қамауға алу мерзімін азайту ұсынылады.
Науқастың денсаулығына ауыр зиян келген немесе қайтыс болған кезде бас бостандығынан айыру – жаза мерзімдерін қайта қарау мен бас бостандығын шектеуге ауыстырылады.
Заң жобасы, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға және әлеуметтік қолдауға, түрлі марапаттар беруге, 2023 жылы жалақыны арттыруды жалғастыруға бағытталған.
Жаңа тәсіл медициналық көмектің сапасын, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді және тұтастай алғанда ҚР Денсаулық сақтау рейтингіне халықаралық деңгейде әсер етеді.
2023 жылдан бастап медициналық ұйымдардың өздері жеке сақтандыру компанияларымен шарттар жасасатын болады. 2025 жылдан бастап ортақ негізде сақтандыру-медициналық ұйым және медицина қызметкері негізінде жұмыс істейді. Сақтандыру шарты медициналық оқиғалар бойынша барлық төлемдерді жабу үшін бір жылға жасалады.