«Университетіміздің ғылыми – медициналық кітапханасындағы гистология кафедрасының күні»

2022 жылдың 21 желтоқсанында ғылыми-медициналық кітапханада гистология кафедрасының күні өтті. Гистология кафедрасының жетекшісі Ж.Е. Көмекбай және гистология кафедрасының профессоры, референт Г.А. Темированың жетекшілігімен профессорлық-оқытушылық құрамы 1 корпуста орналасқан ғылыми-медициналық кітапханаға барды.

Ғылыми-медициналық кітапханада гистология кафедрасының қызметкерлерінің «Гистология» пәні бойынша үш тілдегі еңбектері қойылған.

Гистология пәні бойынша бірқатар басылымдарды кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының өзі дайындаған, авторлары: ҚР МҒА академигі, профессор Т.Ж. Үмбетов, кафедра жетекшісі, м.ғ.к. Ж.Е. Көмекбай және кафедра профессоры, м.ғ.к. Темирова Г.А. Автор Г.А Темированың. соңғы екі жылда 9 басылымы шығарылған, олардың біреуі электронды түрдегі оқу-әдістемелік құралы болып шығарылды.

Кітапхана қызметкерлері: Гүлнар Төлегенқызы, Мария Сағынғалиқызы, Людмила Анатольевна және Гүлнұр Еркебайқызы гистология пәні бойынша барлық басылымдарды белсенді түрде көрсетіп, соңғы жаңалықтармен таныстырды. Электронды базада жұмыс істеуге мүмкіндік бар екендігін айтты. Гистология кафедрасының қызметкерлері басылымдармен жұмыс жасау кафедраның оқу үдерісінде тұрақты түрде жүргізіліп отырады, – деген қорытындыға келді.