Жыл үздігі
М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің «Медик-Волонтерлар» ұйымы «Үздік волонтерлық топ» атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі облыс әкімдігі жанындағы жастар кеңесінің 21.12.2022ж. өткен отырысында атқарылды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға, өскелең ұрпаққа зор сенім арта отырып, олардың әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалануға міндеттеді. Ақтөбе облысында жастардың әлеуетін барынша толық пайдалану үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылуда», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов отырысқа қатысушы – кеңес мүшелеріне, жоғары оқу орындарының, жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдеріне арнап сөйлеген сөзінде.
Жыл үздігін анықтау облыстық «Жастар сыйлығы -2022» атауымен ұйымдастырылған байқаудың шеңберінде жүргізілді. Жеңімпаздарды анықтау қараша айының 14-30 аралығында ұйымдастырылды. «Үздік волонтерлық топ» аталымын жеңіп алған «Медик-Волонтерлар» ұйымы Ақтөбе облысының әкімі Е. Л.Тоғжановтың Алғыс хатымен марапатталды.