Түлектер мен жұмыс берушілердің кездесуі

2022 жылдың 22 желтоқсанында университеттің 2023 түлектерін жұмысқа бөлу бойынша алқалы жиын өтті. Оның жұмысына Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының – емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері, әкімдік өкілдері және ОДСБ-ның жауапты мамандары мен түлектер қатысты.

Университеттің кәсіби өсу орталығы ұйымдастырған бұл кездесу А.Досжанова атындағы Конференц Холлда өтті. Барлығы 3 облыстан 40-тан астам жұмыс беруші келді.

Кездесуде бакалавриат, интернатура, резидентура және магистратура түлектерін алдын-ала жұмысқа бөлу тақырыбына арналды. Оларды болашақта жұмысқа орналастыру, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алып жүрген түлектердің медициналық мекемелерде 3 жылдық міндетті жұмыс жасау өтілі жәйі талқыланды.

Жұмыс берушілер өз аймақтары, мекемелері мен ұйымдарындағы рмедициналық кадрға деген қажеттілік, жас мамандардың жұмысқа орналасу бойынша шарттары, оларға ауылдық жердегі берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдау ұсыныстары туралы арнайы таныстырылым жасады.

Жауапты тұлғаллар мен бас дәрігерлердің сөзінен соң кездесу бейресми жағдайда жалғасып, студенттер жұмыс берушілермен бетпе-бет тілдесіп, өздерінің сұрақтарын қойып, екі жақты пікір алмасты.