ЖОО аралық ынтымақтастық аясында
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің ректоры А. А. Қалиевтің шақыруымен 2022 жылғы 22 желтоқсанда ректор Қарабасова Лаура Чапайқызы бастаған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің делегациясымен кездесу өтті.
Оған проректорлар, декандар, академиялық қызмет департаментінің директоры және басқа да университет қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында қонақтар Батыс Қазақстан денсаулық сақтау тарихы мұражайына, университеттің бірқатар кафедраларына барды.
Университеттер арасында оқытушылық шеберлікті арттыру, оқытудың инновациялық әдістері, ғылыми қызмет түрлері мен конференциялар өткізу тәжірибесі және тәрбие жұмысы т. б. мәселелер бойынша өзара пікір алмасулар болды.
Нәтижесінде бірлескен қызмет бағыттарын және одан кейінгі іс-шаралар жоспарын анықтау үшін екі университеттің мамандарынан жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Кездесу жылы достық жағдайда, іскерлік, сындарлы түрде өтті. Өзара тиімді ынтымақтастық тұрақты негізде жалғасады.
Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық білім беру, тәрбие процестерінің сапасын жақсартуға, ғылыми қызметтің шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді.