Маңғыстау, Атырау облыстарындағы шеберлік сыныптары
ҚР-дағы СМА дертіне ұшыраған балалар орфандық препараттармен тегін қамтамасыз етіледі. Құны аса қымбат балалар ағзасына интратекальды (жұлын арқылы) енгізілетін “Нусинерсен” препараты алғашында 2 айда 4 рет, содан кейін әр 4 айда 1 рет енгізілуі керек.
Бұл әдісті жетік меңгерген іс-тәжірибесінде және нақты қолданатын М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің «психиатрия және наркология неврология курсымен» кафедрасының жетекшісі, доктор PhD докторы Д.Н. Аяғановтың жетекшілігімен Ақтөбе қаласында тұрақты 2 бала қабылдайды.
Тәжірибе алмасу, оқып-үйрету мақсатында Д.Н.Аяғанов Атырау және Ақтау қалаларында “Нусинерсен” препараты жайында таныстырылым жасап, өзінің шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған екі аймақта “Нусинерсен” препараты тұңғыш рет таныстырылды. Екі облыс орталығында да шеберлік сыныбына аймақтардың штаттан тыс, Бас балалар неврологтары, облыстық реаниматолог-неврологтар қатысты.
Спикер Д.Н.Аяғанов “Жұлын бұлшықет атрофиясы”тақырыбында дәріс оқып, соңынан шеберлік сыныбын жалғастырды. Бұдан былай Атырау және Маңғыстау облыстарының штаттан тыс балалар невропатологтары өз бетімен СМА дертіне ұшыраған жергілікті балаларға “Нусинерсен” препаратын қолданып, жаңа әдісті өз тәжірибелеріне енгізетін болады.