«Жыл спортшысы» анықталды
Әдетте, барлық сала жыл соңында 12 айдың ішінде атқарған жұмыстарын саралап-қорытындылайды. Жетістігі мен кемшілігін таразылайды. Сондай бір әрі мерекелі, әрі есепті, әрі көркем ерекше Жаңа жылдық спорттық кеш М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің жетілдіру топтарының арасында ұйымдастырылды. Мереке қарсаңындағы кеш «Жастар аренада» «Сұңқар» спорт клубының жетекшісі М.С. Науановтың құттықтау сөзімен басталды.
Жетілдіру тобының құрамындағы 1-6 курс студенттері ерекше белсенділікпен, үлкен ұйымшылдықпен атсалысты. Олардың арасынан «Жыл спортшысы» атағына 4 студент лайық деп танылды. Сонымен, 2022 жылждың спортшысы атағы А.Қасановаға (қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 301-топ студенті), А.Өтебайға (жалпы медицина факультетінің 202 Б- топ студенті), Chelcy Bhartyге (халықаралық факультетінің 323Б –топ студенті) және Ж.Болатқа (жалпы медицина факультетінің 522 А топ студенті) бұйырды.
Сонымен бірге,барлық жетілдіру топтарының ішіндегі ең белсенді, топжарып жарыстарға белсене қатысқан студенттер де салтанатты рәсіммен марапатталды. Қоғамдық өмірде белсенді, салауатты өмір салтын қағидасына айналдырған жетілдіру топтарының студенттері өнерден де құра алақан емес. «Жаңа жылдық» кеш көрігін олар өз өнерлерімен одан әрмен аша түсті. Спорттық мерекелік Жаңа жылдық кеш жастардың би кешіне ұласты.