Қаңтардағы «Ашық есік күні»

Қабылдау комиссиясының жоспарындағы кәсіби бағдар жұмыстарына сәйкес, 2022 жылдың 25 қарашасынан бастап, 2023 жылдың 6 қаңтары аралығында Марат Оспанов атындағы БҚМУ-де «Ашық есік күндері» өткізілді. Бұл шараға Ақтөбе қ.№ 16 мектебінен, Ақтөбе «Достық» білім-оқу орталығынан, №28 мектептен, Атырау, Ақтау, Орал қалаларынан 11сынып оқушылары келді. Олардың жетекші оқытушылары: Зейнетуллаева Жадра( «Рахат-Достық»), Ниязбекова Арайлым, Қалиақпар Жантөре («Авангард–Достық») және «Орал-Достық» оқу орталығының оқу жөніндегі директордың орынбасары Бектас Эльдар қатысты. Мектеп бітіруші түлектерге қабылдау комиссияның құжаттар қабылдайтын корпусын, практикалық дағдылар орталығының манекендерін және анатомиялық екі мұражайды таныстырдық. Оқушылар дәрістік залдарды қарап, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтардың ішінде жалпы медицина, стоматология, педиатрия мамандықтарына сұраныс көп болды, сонымен қатар, мемлекеттік білім гранттарына, ақылы түрде оқуға өту баллдары, психологиялық тестті өту уақыты айтып түсіндірілді. Жатақханаларда орналасу, олардың жағдайлары, оқудың жылдық төлем ақылары туралы сұрап, өздеріне керекті ақпараттарды алды. Оқушылар жалпы медицина мамандығына қызығушылық танытып, медицинаға келемін деушілер саны көбейді.

Түлектер Университет әкімшілігіне, қабылдау комиссиясына ықылас білдірді және М. Оспанов атындағы БҚМУ-інде жалғасын табатынын айтып қоштасты.