“Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КЕАҚ және Познань медицина ғылымы университеті – екіжақты әріптестіктің жаңа кезеңі
Познань медицина ғылымы университетінің (Польша) және Марат Оспанов атындағы БҚМУ өкілдерімен ынтымақтастықты дамыту бойынша виртуалды кездесу өтті. Польша тарапынан MD, PhD профессор Ярослав Валковяк және MD, PhD профессоры Маржена Дворацка, БҚМУ тарапынан басқарма төрағасы-ректор А. А. Қалиев, Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық кафедрасының меңгерушісі Л. С. Ермұханова қатысты.
Тараптар университеттердің одан әрі стратегиялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Ең басым бағыттар ретінде медициналық білім беру, ғылым, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, қос дипломды білім беру, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, сапар-профессор бойынша білім алмасу, педагогикалық құзыреттіліктерді оқыту саласындағы ынтымақтастық айқындалды.
Халықаралық ынтымақтастық – университеттерді тиімді дамыту стратегиясы екені сөзсіз. Ынтымақтастық нәтижесінде қол жеткізілген табыстар – бұл алға жасалған сенімді қадам, өйткені біздің жетістіктеріміз, инновацияларымыз түлектеріміздің, медициналық қызметтердің білім сапасына әсер ететін болады, демек, бүкіл қоғамымыздың денсаулығын сақтауға өз үлесін қосады.
Кездесу сындарлы іскерлік стильде, одан әрі ынтымақтастық жоспарларымен өтті.