Шеберлік сыныптары бойынша ақпарат
2023 жылғы 18 қаңтарда Ақтөбе облысының әкімдігі мен “Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы” ММ арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсіміне арналған мастер-класс шеңберінде, Марат Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ медициналық орталығының базасында онкохирургия, кардиология, кардиохирургия, фотодинамикалық терапия, генетика бағыттарында оталар жасаудың шеберлік сыныптары өтті.
“Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы” ММ жетекші мамандары бейіндерге сәйкес әртүрлі патологиясы бар пациенттерге кеңес берді.
Өңештің ісігі бар науқасқа операция жасалды. Операцияның орындалған көлемі – Льюис типі бойынша минималды инвазивті эзофагэктомия.
Күрделі отаны жасағандар: ҚР ПІБ МО клиникалық ауруханасының хирург-дәрігерлері, Е. Ш. Абзалбек – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты онкохирург; М.Е. Ахетов – медицина ғылымдарының кандидаты, 25-жылдық өтілі бар, ҚР ПІБ МО клиникалық ауруханасының проктолог-дәрігері.
Сондай-ақ, Марат Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ МО базасында Ақтөбе облысының тұрғындарына консультациялық-диагностикалық көмек бергендер: фотодинамикалық терапия орталығының жетекшісі – Н.А. Шаназаров, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер-онколог, іскерлік әкімшілендіру магистрі; Тойбаев А. А.-Еуропалық кардиоторакальды хирургтар қоғамының толық мүшесі, бас дәрігердің емдеу-диагностикалық жұмысы бойынша орынбасары.