Құттықтаймыз!

М. Оспанов атындағы БҚМУ ұжымы президенттік тест бағдарламасында шаңғы жарысы бойынша қала біріншілігіне қатысты.

Жарыстың міндеттері: салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыру мен спортты насихаттау және қысқы спорт түрлері бойынша мықты спортшыларды анықтау.

Жарыс 2023 жылдың 21 қаңтарында, қысқы спорт түрлері бойынша БЖСМ шаңғы базасында өтті. Қанағаттанушылықпен атап өтеміз: күн нәтижелі болды! Дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы Р. Б. Қанапина Ақтөбе қаласының тұрғындары арасында шаңғы жарысынан қала біріншілігінде тағы да жеңіске жетті. Роза Біржанқызы – магистр, аға оқытушы, кафедрада 2003 жылдан бастап жұмыс істейді, қысқы президенттік көпсайыс бойынша жаттықтырушы. ҚР Білім Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Сол күні біз әуесқойлар арасында жүзуден Ақтөбе қаласының біріншілігіне қатыстық. Қала тұрғындары арасында жүзуді насихаттау және дамыту, және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жарыс Ақтөбе қаласының №6 “Дельфин” БЖСМ базасында өткізілді. П.ғ.к., дене шынықтыру кафедрасының доценті М.М. Бобырева, әріптестері мен студенттерін қуантып, дәстүрлі түрде өзінің жас санатында 1-орынға ие болды! Марина Михайловна бізде 2002 жылдан бері жұмыс істейді, ол – черлидинг бойынша спорттық жетілдіру тобында жаттықтырушы.

Құттықтаймыз! Алда облыстық жарыстар бар!