Дәрігер-бактериологтар шақырылды

2023 жылдың 20-қаңтар күні Марат Оспанов атындағы БҚМУ кітапханасында микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының күніне арналған іс-шара өтті. Кафедра күніне “Микролабсервис” ЖШС зертханасында жұмыс істейтін дәрігер-бактериологтар шақырылды.

 Іс-шараны кафедра оқытушылары кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доценттері: Б.С. Урекешов “Дәрігердің практикалық қызметіндегі микробиологияның рөлі мен орны” тақырыбында, сондай-ақ М.А. Ажмуратова “Микробиология кафедрасының жұмыстарын ұйымдастыру” тақырыбында баяндама жасады, бұл баяндамаларды қатысушылар қызығушылықпен тыңдады.

Осыдан кейін іс-шараға қатысушылар дөңгелек үстелде өз жұмыстарының өзекті мәселелерін және сұрақтарын талқылады. Сондай-ақ, әңгімелесу барысында бактериолог-дәрігерлер “Микробиологтар қоғамының” жұмысын қайта бастау туралы және кафедра мен СЭС және басқа зертханаларда жұмыс істейтін практикалық дәрігерлер арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы тілек білдірді.

Кафедра күніне арналған іс-шараға қатысушылар микробиология және иммунология бойынша жаңа шыққан кітап көрмесімен танысты.