Ынтымақтастық меморандумы

“Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері” аясында Ақтөбе облысына өзара ынтымақтастық және заманауи технологияларды енгізу бойынша Аққағаз Досжанова атындағы Конгресс-холлда облыс әкімі Е. Л. Тоғжановтың, университет ректоры Ә.Ә. Қалиев пен медицина ұжымының елордалық делегацияның басшысы А. В. Цоймен кездесуі өтті.

Аққағаз Досжанова атындағы Конгресс-холлда студенттер 23 студенттік ғылыми қоғамдастықтағы жетістіктері мен әдістемелерін көрсетті.

Одан соң, университет ректоры Ә. Қалиев білім беру бағдарламаларын енгізу және жетілдіру, нысандарды дамыту және жаңғырту бойынша жоспарларымен бөлісті.
​Жоспар бойынша 21 бағдарлама, оның ішінде резидентурада -16, магистратурада -5 енгізу жоспарлануда. Университет базаларын дамыту мен жаңғыртуға қатысты Әсет Қалиев 5 нысанға егжей-тегжейлі тоқталды, оның ішінде 3-і бойынша жақын арада мемлекеттік сараптама қорытындысы алынатын болады, 2 – і бойынша – жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде (МО реконструкциясы және стоматологиялық клиниканы реконструкциялау).

Конгресс-Холл залында медициналық жұртшылықпен, студенттермен кездесу өтті. “Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық Орталығының бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінде» бейнеролигі де көрсетілді.
​Облыс әкімі Е. Л. Тоғжанов пен ҚР ПІБ басшысы А. В. Цой құттықтау сөз сөйледі.
​Сондай-ақ, облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен Алексей Цойдың ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою салтанаты өтті.

Медицина жұртшылығына, университет қызметкерлеріне презентациялар ұсынылды:
– “ҚР ПІБ МО ауруханасының қызметі туралы” – Р. К. Албаев, МОА директоры;
– “Орталық клиникалық аурухананың қызметі туралы”, З. А. Бралов, ОКА Президенті;
– “Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы жүйесінің Біріккен санаторийлері”, Стерлигов Я.В., Оқ-Жетпес “ЛОК”АҚ президенті;
– “Медициналық технологиялар орталығы АҚ – кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру”, Қ. А. Тілеубеков, ЦМТИС Президенті.

Жалпы, кездесу іскерлік, танымдық түрде өтті.