Кафедраның жетістіктері

№2 ішкі аурулар кафедрасы, м.ғ. к., қауымдастырылған профессор Құрманалина Гүлнар Лукпанқызының жетекшілігімен, ПОҚ қызметінің барлық бағыттары бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Кафедрада ЖТД интерндері, “Әскери медицина” факультетінің интерндері “Терапия” бағыты бойынша, резидент-кардиологтар, резидент-терапевттер оқиды. 2022 жылы кафедра практикалық денсаулық сақтау үшін 3 кардиолог және 13 терапевт дайындады. Барлық түлектеріміз жұмысқа орналастырылды және мамандығы бойынша жұмыс істейді, оның ішінде 2 түлек туған университет оқытушыларының қатарын толықтырды. Кафедрада еліміздің бүкіл батыс өңірінің дәрігерлері үшін үздіксіз біліктілікті арттыру циклдері өткізіледі.

2021 жылдан бастап, кафедрада БҒМ тапсырысы бойынша ЖОО ішіндегі “Сүт безі обырының химиотерапиясынан туындаған кардиотоксикалық асқынуларды ерте диагностикалау және емдеу бағдарламасын әзірлеу” атты ҒТП орындалады. Зерттеу ISRCTN халықаралық базасында тіркелген, зерттеу хаттамасы “Diagnostics” журналында жарияланған (Web of Science Q2; IF 3,992). Сонымен қатар, 2022 жылы кафедра қызметкерлері нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын журналдарда 5 мақала жариялады.

Кафедраның барлық оқытушылары қала мен облыстың ғана емес, Батыс Қазақстанның тұрғындарына емдік-консультациялық көмек көрсетеді, ауру тарихына шолу жасайды, республикалық штабтардың жұмысына қатысады.

Кафедрада білім алушылармен кәсіби, азаматтық-патриоттық, қоғамдық-саяси, рухани-адамгершілік, отбасылық, эстетикалық-көпмәдениетті, зияткерлік-шығармашылық, дене шынықтыру, еңбек және экологиялық тәрбие бағыттары бойынша тәрбие жұмысы үнемі жүргізіледі. Дөңгелек үстелдер, пікірталастар өткізіледі, мерекелік қойылымдар ұйымдастырылады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ғылыми, оқу, әдістемелік, емдеу, тәрбие жұмысы бойынша кафедраның жоғары түйінді көрсеткіштері үшін М.Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ ректоры Қалиев Ә.Ә. кафедра қызметкерлерін грамотамен марапаттап, бағалы сыйлық – интерактивті тақтаны табыс етті.

Интерактивті тақта кең функционалдылыққа ие: кәдімгі виртуалды бетке сурет салудан бастап, Интернетте табылған ақпарат пен нысандарды қосуға, презентациялар жасауға, практикалық дағдыларды көрсетуге және бейне файлдармен жұмыс істеуге дейін, студенттерге дұрыс жауапты таңдау үшін суретке қол тигізуге мүмкіндік береді. Бұл ақпаратты көрнекі етеді, сабақта шығармашылық атмосфера қалыптастырады, топтық талқылауды ынталандырады. Сонымен қатар, мұғалімдер интерактивті тақтаны қолдана отырып, иллюстрациялық материалдарды (мәтіндік және мультимедиялық файлдар, кестелер, диаграммалар, интернеттен суреттер және т.б.) сақтай отырып, өздерінің әдістемелік базасын құра алады. афедраның дәріс залында орнатылды және оқытушылар оқу процесінде пайдалану үшін оның кең мүмкіндіктерімен таныса алды.