Амбулаториялық хирургиядағы инновациялық технологиялар

Хирургиялық технологияларды амбулаториялық жағдайларда дамыту заманауи денсаулық сақтау саласының халыққа медициналық көмек көрсету бойынша ең перспективалы бағыты болып табылады.

2022 жылғы 28 қаңтарда “Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті” КЕАҚ Медициналық орталығының базасында м.ғ. д., профессор Асабаев Амангелді Шәкірұлының жетекшілігімен Астана қаласынан келген мамандар бригадасы мастер-класстар ұйымдастырды.

Мастер-класс барысында эндоваскулярлық технологиялардың көмегімен, аяқтың варикозы, геморройы бар пациенттерге хирургиялық араласулар жасалды. Амбулаториялық хирургияда лазерлік коагуляция арқылы адам аяғындағы варикозды және геморройды емдеудің эндоваскулярлық технологиялары, сенімділіктің, әмбебаптықтың және бірегей тиімділіктің арқасында өте маңызды болып келеді.

Бұл емдеу әдісі терең тамыр тромбозы, тамырлар мен нервтердің зақымдануы, тіндердің некрозы және т.б. сияқты асқынулардың қаупі мен араласу жарақатын азайтып, жоғары косметикалығымен, айтарлықтай ауырсынудың болмауымен ерекшеленеді. Варикозды емдеудің инновациялық әдістерінің тағы бір артықшылығы – пациент үшін операциядан кейінгі кезең тыныш және ауыртпалықсыз өтетіні . Адам келесі күні әдеттегі өмірге орала алады.

Осы инновациялық емдеу әдістерін орындау “Лами-Гелиос” заманауи екі толқынды лазерлік аппаратын сатып алудың арқасында мүмкін болды. Бұл құрылғының мүмкіндіктері емдеудің инновациялық әдістерін, атап айтқанда, диабеттік аяқта, қысым жараларында және т. б. қызмет көрсету спектрін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

“Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КЕАҚ Медициналық орталығының базасында амбулаториялық хирургия орталығының алдағы жоспар бойынша ашылуы сенімді инновациялық әдістердің көлемін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді, көптеген оң нәтиже береді: қолжетімділік пен қауіпсіздік, госпитальдық жүктеме мен операциядан кейінгі асқынуларды азайту, еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімін қысқарту және т. б.

Амбулаториялық хирургия орталығының қызметі қамтитын негізгі бағыттар: ұйымдастырушылық, емдік, ғылыми және білім беру.

Озық технологиялар – пациенттердің денсаулығына арналады!