Гепатопанкреатобилиарлы хирургия орталығының ашылуы
Бүгінгі әлемде медицинаны дамытудың диагностикасында, емдеу әдістерінде әр бес жыл сайын айтарлықтай өзгерістер болады.
Медицина саласындағы көптеген ғылыми және клиникалық зерттеулер хирургиялық араласуды мүмкіндігінше жанға батпайтын, ағзаны сақтайтын, асқынуларды болдырмаудың және операциядан кейінгі оңалту мерзімін қысқартатын ең күрделі ауруларды емдеуде жаңа тәсілдер мен әдістердің үнемі пайда болуына әкеледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде бауыр ауруымен ауыратын 2 миллиардтан астам адам бар. Соңғы 20 жылда бүкіл әлемде гепатобилиарлы жүйе ауруларының көбеюінің айқын үрдісі байқалады, жас кезінде патология жиілігінің артуы, әйелдерде ерлерге қарағанда 4-7 есе жиі кездеседі.
Университеттің Медициналық орталығында гепатопанкреатобилиарлы хирургия орталығын ашудың мақсаты – бейінді пациенттерге медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, сапасын және тиімділігін арттыру.
Университеттің Медициналық орталығының қолда бар құрылымы бауырдың, өт жолдарының және ұйқы безінің хирургиялық және онкологиялық аурулары бар пациенттердің көпшілігін емдеу мен бақылаудың толық циклын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, мамандардың кең спектрінің өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі бар, бұл пациентті жоғары білікті тексеруге және хирургиялық араласуға дайындауға, операциядан кейінгі кезеңде қажетті хирургиялық және терапиялық емдеуді орындауға, сондай-ақ операциядан кейінгі кезеңде, оның ішінде науқас стационардан шығарылғаннан кейін бақылауды және дәрілік емдеуді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Құрылған Гепатопанкреатобилиарлы хирургия орталығында консультациялық және диагностикалық көмек, дәстүрлі хирургиялық араласулардың толық спектрі, заманауи тактикалық тәсілдерді дамыту және енгізу, бұрын тек ашық хирургия мүмкіндіктері деп есептелген ауыр дерттері бар пациенттерді емдеуге мүмкіндік беретін аз инвазивті жоғары мамандандырылған әдістер қолданылады.
Гепатобилиарлы хирургия орталығы жоғары білім беру, студенттердің оқу процесін, ғылыми жетістіктер мен медициналық практиканы біріктіруді қамтамасыз етеді.
Ең озық әдістерді қолдану – пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін!