Студенттердің қатысуымен пәндік олимпиада
2023 жылдың 8 ақпан күні М.Оспанов атындағы БҚМУ-де «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 3,4 курс студенттерінің қатысуымен «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша пәндік олимпиада өтті. Аталған іс -шараның ұйымдастырушылары – «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасы.
Бұл олимпиаданы өткізудің ерекшелігі: оның практикалық және ғылыми бағыттылығы, студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, ең талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, студенттердің зияткерлік қабілеттерін қалыптастыруға жәрдемдесу, студенттерді қоғамдық денсаулық сақтаудың практикалық және ғылыми мәселелерін шешуге тарту және ғылыми қызметке деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ әр түрлі деңгейдегі қатысушылардың топпен жұмысын көрсету болып табылады, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін, ұйымшылдығын және басқарушылық шешімдерді тез қабылдауын көрсетеді.
Олимпиада 4 кезеңнен тұрды:
1. Таныстыру
2. Сұрақ-жауап
3. Жасырын ұяшықтар
4. Ситуациялық есептер
Бұл кезеңдер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының өзекті тақырыптары мен басым мәселелерін қамтиды. Тапсырмалар пәнді білуге, жылдамдыққа, тапқырлыққа, ситуациялық есептерді логикалық шешуге бағытталған. «Лидеры», «Эрудит», «Avengers» үш командасы бірінші орын үшін күресте бақ сынасты.
Олимпиадада «Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, мейіргер ісі және фармация факультетінің» деканы Г.Д. Сұлтанова, «Дәлелді медицина және ғылыми менеджмент» кафедрасының доценті Р.К. Назарбаева, «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасының жетекшісі Л.С. Ермұханова және доцент И.Б. Кенжебаевадан құралған қазылар алқасының шешімімен келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
Жеңімпаздар (I орын) – «Лидер» командасы.
Жүлдегерлер (II орын) – «Avengers» командасы.
Жүлдегерлер (III орын)– «Эрудит» командасы.
Олимпиаданың барлық қатысушылары медаль, диплом, сертификаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.