Интеграцияланған дәріс
2023 жылы ақпан айының 8-і күні қалыпты физиология кафедрасының аға оқытушысы, м.ғ.к. Ф.К. Балмаганбетова мен фармакология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Н.М. Мавлюдова жалпы медицина факультетінің 219-222 АБ топтарына интеграцияланған ашық дәріс өткізді.
Дәріс екі кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы және АЖД жетекшісі PhD Н.У. Алекенованың қатысумен өтті. Ашық дәрісте тақырыптың маңыздылығын, мақсатын толық ашып және студенттермен кері байланыс орнатты.
Дәріс соңында оқытушы-профессорлық құрамы мен АЖД жетекшісі Н.У Алекенова арасында интеграцияланған дәріс барысы талқыланып, дәріс талапқа сай және жоғары деңгейде өткендігін айтты.