Оқытушылар үшін қолайлы орта
Прфессор- оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылар үшін барынша бейімделген ыңғайлы, сапалы, абаттандырылған және жайлы орта құру – университет қызметінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Қазіргі кезеңде жоғары оқу орнының табысты дамуы ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен қызметкерлер жұмысының жоғары нәтижелілігіне, олардың біліктілігіне, кәсіптік даярлығы мен білім деңгейіне, ұжым ішіндегі қарым-қатынастарға, еңбек және тұрмыс жағдайларына байланысты.
Университеттің негізгі міндеті-еңбек пен оқудың тиісті жағдайларын жасау, үнемі жетілдіруге ұмтылу.
Бүгін студенттерге арналған коворкинг орталығының ашылуы өтті. Мұнда оқытушылар да назардан тыс қалмады. Бірінші оқу ғимаратында оқытушылар үшін лофт стиліндегі демалыс аймағы ашылды.
Оған тиісті жиһаз, компьютерлік қондырғылар сатып алынып, әдебиеттер орналастырылды. Мұның бәрі психологиялық деңгейде тыныштық пен жайлылық атмосферасын құруға, мидың жұмысын жақсартуға ықпал етеді, бұл – білім беру процесінде сәтті іс-әрекеттің ажырамас критерийі болып табылады.
Университетте құрылған бірінші демалыс орны – сабақтан тыс уақытта өзін-өзі тәрбиелеу, демалу және қарым-қатынас жасау, үзілісте уақыт өткізу, ми қызметін жеңілдету және оқуды психологиялық кідірту немесе әріптестерімен әңгімелесу, білім беру және ғылыми қызмет жобаларын талқылау және т. б. арналады.