Турникетті пайдалану ережелері
ТУРНИКЕТТЕН ӨТКЕН КЕЗДЕ
- Турникеттен қатаң түрде бір адамнан өту.
- Электрондық картаны немесе жетонды алдын ала дайындау.
- Турникеттің жармалары жабылғанға дейін алда келе жатқан жолаушының өтіп кетуін күту.
- Егер турникет жармаларының арғы жағында басқа жолаушы болса немесе соған қарай жүріп бара жатса, турникет арқылы өтпеу.
- Электрондық картаны жасыл индикатор жанғанға дейін санауышқа жақындату және турникеттің алдында жолаушылардың жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін турникеттен өту.
- Егер қызыл сигнал жанса, бақылаушыға жүгіну.
- Егер сізбен 7 жасқа дейінгі бала болса, балалардың турникет арқылы өтуіне көмек көрсету үшін бақылаушыға жүгіну.
- Бесік арба, велосипед немесе шабадан болған кезде турникет арқылы өту үшін бақылаушыға жүгіну қажет.
ТУРНИКЕТТЕН ӨТКЕН КЕЗДЕ:
- Турникеттің астынан еңбектеп өтуге және үстінен секіруге;
- Қоршаудан аттап өтуге;
- Турникеттен бір мезгілде екі және одан да көп адамның өтуіне;
- Турникетті ашу үшін күш салуға және электрондық карта іске қосылмаған кезде оны ашуға талпынуға;
- Басқа біреудің атаулы көлік картасымен өтуге;
- Басқа жолаушының өтуі үшін атаулы көлік картасын беруге;
- Турникеттен өткеннен кейін турникетке жақындамауға және турникет арқылы электрондық картаны (затты) беруге;
- Егер алдағы жолаушы турникетке кері оралса турникеттен өтпеу және жолаушы турникеттен алыстағанша турникеттен өтуге тыйым салынады.