Аққпандағы онлайн-курс
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде Алматы, Қостанай, Ақтау, Орал, Атырау, Қызылорда қалаларының дәрігерлерінің қатысуымен тәлімгерлерге онлайн курс арналды.
Университетімізде профессор Е.Ш. Шайхимовтың жүргізуімен ағымдағы жылдың 6-10 ақпан аралығында терапевтік профиль үшін, 13-17 ақпан аралығында хирургиялық профиль үшін клиникалық резидентура тәлімгер-дәрігерлеріне арналған “Клиникалық тәлімгерлердің базалық педагогикалық құзыреттері” тақырыбында педагогикалық құзіреттілік бойынша біліктілігін арттыру курсы онлайн форматта өтіп жатыр.
Курс мақсаты: резидентурада тәлімгерлік қызмет атқаратын дәрігерлерге тәлімгерлік іс-әрекетінде тәрбие жұмысының дағдыларын арттырып, олардың тәжірибесін қалыптастыру.
Курс соңында тыңдаушыларға электрондық нұсқадағы сертификаттар табысталады.