Call-center ашылуы
Пациенттер мен қызметкерлер үшін қолайлы инфрақұрылым құру мақсатында отбасылық медицина клиникасында Call-center ашылды.
Байланыс орталығы – бұл қазіргі өмір салтына тығыз енген бағыт, бұл пациенттермен үздіксіз кері байланыс.
Колл-орталықта жұмыс істеу үшін арнайы оқытылған оператор дайындалды, ол дәрігерлердің қабылдауы мен диагностикалық зерттеулерге жазылуды жедел орындай алады, сондай-ақ клиниканың қабылдау тәртібі, стационарлық емдеуге жіберу және т. б. туралы азаматтарды хабардар етеді.
Отбасылық медицина клиникасында Колл-орталықтың жұмысын дұрыс ұйымдастыру пациенттерге қызмет көрсету сапасын және денсаулық жағдайын жақсартуды, халықтың қанағаттануын, қызметкерлер үшін жұмыс ыңғайлылығын арттырады.
Байланыс орталығының жұмыс уақыты: 08-00-ден 18-00-ге дейін, телефондар: 24-98-77 және 54-48-75.
Келешекте Колл-орталықтың жұмыс уақыты 20-00-ге дейін ұлғайтылады.