ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Бүгін, 2023 жылы 17 ақпанда Марат Оспанов атындағы БҚМУ Басқарма төрағасы — ректоры А.А. Қалиев «Қарағанды қаласының Гематология орталығының» филиалына барды. М.ғ.д. профессор А.А. Қалиевтің сапарының мақсаты – серіктестік қатынастарды жолға қою. Шақырушы тараптан ЖШС Бас директоры И.А. Пивоварова, ЖШС медициналық директоры А.А. Клодзинский және Қарағанды қаласы филиалының директоры И.Г. Баландинская қатысты. Филиал бойынша ақпараттық тур ұйымдастырылды – таныстыру кездесуі-презентация.

 Білім беру мен ғылыми жобаларды қоса алғанда, серіктестік қатынастарды орнату бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Гематология орталығы 2015 жылғы 27 қазанында құрылған және Қазақстан Республикасының 3 қаласында – Астана, Қарағанды, Өскемен қалаларында – филиалдары бар. Гематология орталығының сайты: http://www.hemcenter.kz.

Ал Қарағандыдағы филиал Қарағанды облысы әкімдігінің, Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының және “Гематология орталығы” ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін іске асыру аясында 2018 жылы ашылды. Филиалда қойылған міндеттерді тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін, ұйымдастырушылық менеджменттің заманауи тәсілдері, сондай-ақ медициналық қызметтерді сапалы көрсетуге және пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірегей ақпараттық жүйе, сапа менеджменті жүйесі енгізілді.

Филиал медициналық қызметтердің барлық қажетті түрлерін, соның ішінде аспаптық және зертханалық диагностиканы ұсынады, сондай-ақ басқа бейіндегі мамандардың консультацияларын жүргізеді.

Филиал жетекші отандық клиникалармен және зертханалармен, сондай-ақ жақын шетелдермен, атап айтқанда, “Гематология ҰМЗО” ФМБМ, РФ ДСМ «И.М. Мечников атындағы СБММУ” ФМБМ, В.А. Алмазов атындағы ҰМЗО”,«Р.М. Горбачева атындағы БОГжТ ҒЗИ клиникасы”, РФ ДСМ ЖО ФМБОМ «И.П. Павлов атындағы ПСПбГМУ» ынтымақтасады. Бұл пациенттерге әртүрлі диагностикалық қызметтерді, соның ішінде, генетикалық диагностика мен сүйек кемігінің иммуногистохимиясын орындауға мүмкіндік береді.

Кездесу нәтижесінде екі тарап білім беру және басқа да жобаларға қатысу арқылы тәжірибе алмасу және қызметкерлердің әлеуетін арттыру мақсатында медициналық және ғылыми орталықтар мен университеттермен, халықаралық ұйымдармен әріптестік қатынастар орнатуға келісті.