М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің жетекші мамандары Атырау қаласында
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің жетекші мамандары жұмыс сапарымен Атырау облысының емдеу сауықтыру орындарында қабылдау жүргізуде.
Осы топтың құрамындағы А.Қ.Жумалина-Неонтологиямен №1 балалар аурулары кафедрасының жетекшісі Атырау облыстық ауруханасында болып, гастроэнтерологиялық диасностикасымен емделу үстіндегі науқастарға қабылдау өткізді.
Реанимациядағы балаларды да аралап көрген ақтөбелік дәрігерлер емдеу шараларымен танысып, оған толықтырулар енгізді. Түстен кейін №7 емханада қабылдауға алдын ала жазылып келген педиатриялық, гастроэнтерологиялық, ағза ауыстырылғаннан кейінгі жағдайдағы балаларды қарап, кәсіби бағыттағы кеңес берді.
Барлығы қабылдауға келген балалардың жалпы саны 15-ке тарта, олардың жасы 0-мен 15 –тің аралығында. 21.02.2023 ж. күннің екінші жартысында А.Қ.Жумалина №7 емханада 1. Мальабсорбция синдромы; 2. Бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру деген тақырыптарда семинар өткізді.