Профессор М.С.Курмангазин бастаған инфекционистер Атырауда қабылдау жүргізуде
Денсаулық сақтау саласындағы үйлестіру және әдістемелік-нұсқаулық көрсету мақсатында М.Оспанов атындағы БҚМУ жетекші мамандарынан құрылған бейінді топ құрамындағы инфекционистер Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында қабылдау жасады.
Профессор М.С. Құрманғазин бастаған мамандар 1979 жылы туылған науқастың дифференциалды диагностикасының әдістерін айқындап, одан әрмен емдеу тәсілдеріне нұсқау берді.
Ал, №7 қалалық емханада вирусты гепатит диагнозы қойылған 4 ересек және ЦМВИ диагнозы мен 2 баланы қарап, кеңес берді.