«Жас ғалымдар мектебі» апталығының қорытындысы:
5 күнге созылған іздемпаз жастарға арналған бұл жобаға қатысқан студенттер саны: 90-ға жуық.
– Әрбір күнде әртүрлі тақырыптар қозғалып, ғылыми бағыттағы кеңестер айтылды: алғашқы күні студенттерге жобаның мақсаты таныстырылып, жоба бағыты бойынша алдымен аудиториямен қалай жұмыс жасалу керектігі, сөз саптау өнері мен тақырыпты өрбіту кезіндегі негізгі қағидалар баяндалды.
– Жобаның екінші күнінде тыңдауға келген студенттер легі толаса түсті. Бұл күні талқыланған тақырып ендігі ғылыми жоба жазу үшін таңдалатын тақырыптар мен материалдың ұйымдастырылуы туралы болды.
– Ендігі жаңа күннің тақырыбы – жас ғалымдарға жоба жазу барысында көмектесетін әдебиеттер мен журналдар жайлы айтылды. Әдебиеттерді оқудағы, іздеудегі негізгі бөлімдер баяндалып, сайттар мен дәлелді ақпараттарды алу көздері туралы сөз қозғалды. Ғалымдарға көмек ретінде лаборатория бөлімдерінің қайда орналасқандығы, ол жерлердің қалай жабдықталғандығы мен аталмыш зертханалардың мүмкіншіліктері сипатталды.
– Жобаның төртінші күні шақырылған қонағымыз дәрігер-инфекционист, «Инфекциялық аурулар» кафедрасының асситенті Астраханов Әкежан Рустемұлы студенттерге өз баяндамасын таныстырып, жоба дайындау кезіндегі клиника алды және клиникалық болжамды тұжырымдар және басқа да тақырыпта пайдалы әңгіме өрбітті.
– Жобамыздың соңғы күні «Медицина қызметкері үшін ағылшын тілінің маңыздылығы» жайында тақырып қозғалған болатын. Болашақ мамандарға IELTS тесті жайлы ақпарат беріліп, оның мүмкіндіктері мен оған дайындалу жолдары баяндалды.
Өз жұмысын атқарған 5 күндік “Жас ғалымдар мектебінің” белсенді қатысушылары қорытынды отырыста сертификат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
“Ғылым – теңіз, білім – қайық”. Олай болса, Жас ғалым, ғылым деп аталатын теңізде бірге жүзіп, білім алу алаңында сіз бен біздің күшіміз таусылмай, бірге биік белесті бағындырайық