Кезекті Ғылыми кеңес отырысы
Басқарма төрағасы-ректор А.А. Қалиевтің төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.
Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың м.а. Т.С. Әбілов 2022-2023 жж. қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша студенттердің оқу жетістіктерін талдай отырып, “мәселелер және шешу жолдары”тақырыбында баяндама жасады.
Екінші мәселе бойынша HR бөлімінің басшысы А.Т. Сисенова 2022-2023 оқу жылына арналған университет кафедраларының ПОҚ біліктілігін арттыру жоспарының орындалуы туралы баяндады.
Сондай-ақ, бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Ғылыми кеңес отырысының соңында бірқатар проблемалық мәселелер бойынша сындарлы шешім қабылданды.