Еске алу жарысы

2023 жылдың 24-25 ақпан аралығында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің «Жастар арена» спорт кешенінде ҚР Құрметті спорт қайраткері, доцент Н.Х.Телеуованы еске алуға арналған қыздар арасындағы волейбол жарысы өтті.

Алғашқы күні 4 ойын өтті, 1-нші ойын Батыс Қазақстан медициналық университетінің 1 командасы мен Семей медициналық университетінің арасында ойын өтті. 0-2 есебімен Семей медициналық университеті жеңіске жетті. Осы ойыннан кейін жарыстың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында Батыс Қазақстан медициналық университетінің ректоры А.А.Калиев сөз сөйлеп, Н.Х.Телеуованың жақын туыс, жолдасы және шәкірттері сөз сөйлеп, еске алды.

Сағат 1200 басталған 2-нші ойын, Батыс Қазақстан медициналық университетінің №2 командасы мен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақстан ұлттық медициналық университеті арасында болып, Алматы медициналық университеті жеңіске жетті.

3-нші ойын 1500– де Батыс Қазақстан медициналық университеті №2 командасы мен Семей медициналық университеті арасында өтіп, тартысты ойында Семей медициналық университет командасы 2: есебімен жеңіске жетті.

4-нші ойын 1600 –де Батыс Қазақстан медициналық университетінің №1 командасы мен С.Ж.Аяфендияров атындағы Қазақстан ұлттық медициналық университеті арасында өтіп, Алматы командасы жеңіске жетті.

25 ақпан күні соңғы ойындары өтті.

Сағат 1100-де С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақстан ұлттық медициналық университеті мен Семей медициналық университетінің арасында ойын өтіп, 2:1 есебімен Семей медициналық университеті жеңіске жетті.

Соңғы ойын 1200-де Батыс Қазақстан медициналық университетінің №1 командасы мен Батыс Қазақстан медициналық университетінің №2 командасы арасында ойын өтіп, Батыс Қазақстан медициналық университетінің №2 командасы жеңіске жетті.

Қорытындылай келе, Семей медициналық университеті 1-орын, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақстан ұлттық медициналық университеті 2-орын, Батыс Қазақстан медициналық университетінің №2 командасы 3-орын иеленді.

Үздік шабуылшы – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақстан ұлттық медициналық университетінің ойыншысы Ахметқали Ж.

Үздік қорғаушы – Семей медициналық университетінің ойыншысы Ғазизова М.

Үздік үйлестіруші -Батыс Қазақстан медициналық университетінің №2 командасының ойыншысы Төлеуова А.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтама мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.