Облыстық деңгейде қызылшаның алдын алу бойынша семинар
Ағымдағы жылдың 21 ақпанынан бастап, облыс аумағында қызылшаның жаппай таралуын уақтылы анықтау және алдын алу мақсатында Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен бірлесіп, М. Оспанов атындағы БҚМУ инфекционистерінің қатысуымен бас дәрігерлердің орынбасарлары, МСАК дәрігерлері, қалалық және аудандық медициналық ұйымдардың госпитальдық эпидемиологтары, жедел жәрдем фельдшерлері үшін семинарлар циклы өткізілді.
Баяндамашылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша қазіргі уақытта қызылшаның таралу қаупі бар екенін атап өтті. 2022 жылы әлемде қызылшаның 155,5 мың жағдайы тіркелді.
2023 жылдың басында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы біздің елімізде де байқалады. Кафедра қызметкерлері клиника, қызылша диагностикасы, емдеу және алдын алу мәселелерін егжей-тегжейлі баяндады.