Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру аясында ЖОО арасындағы оқытушыларымен алмасу
2023 жылдың 3 наурызында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Марат Оспанов атындағы БҚМУ химия кафедраларының екі апталық оқытушылар алмасуы Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындары арасындағы профессорлық-оқытушылық құрамның ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру аясында аяқталды.
С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінен біздің университетімізге доцент, м.ғ.к., Е.В. Нечепуренко өз тәжірибесімен бөлісу үшін келді. С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да 2023 жылдың 20 ақпаны мен 3 наурыз аралығында «Химиялық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.Ш. Дарменкулова оқытушылық қызмет атқарды. Жұмыс орнында,осы аралықта оқытушылар ашық сабақтар өткізіп, кафедра оқытушыларының лекциялары мен практикалық сабақтарына, кафедра мен университеттің түрлі іс-шараларына қатысты. Доцент Е.В. Нечепуренко университетіміздің коворкинг орталығында және ассоциативті профессор Амин Тамадонның (Amin Tamadon) «New cell and tissue imaging technologies» тақырыбындағы семинарында болды. Ғылыми-медициналық кітапханада қонаққа соңғы үлгідегі арнайы оқу-ғылыми әдебиеттер таныстырылып, Марат Оспановтың университетіміздегі қызметі мен өмір жолы туралы айтылды.
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ химия кафедрасының доценті Е.В. Нечепуренко мен Марат Оспанов атындағы БҚМУ химиялық пәндер кафедрасының жетекшісі, доцент Гумарова Ж.Ж. химиялық пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендерге талдау жасап, тест емтихан сұрақтары бойынша шолулар жасалды, медицина университеті студенттерін химиялық оқыту мәселелері бойынша бірлескен мақала жазу бойынша жұмыс талқыланды. Ашық сабақтан кейін («Жалпы медицина» 131 тобы) студенттер өз пікірлерінде Елена Викторовнаға жоғары кәсібилік пен адал еңбегі үшін өз құрметтерін және алғыс сөздерін білдірді; АЖД басшысы, м.ғ.к. Н.У. Алекенова және фармацевтикалық пәндер кафедрасының жетекшісі, фарм.ғ.к. Сағынбазарова А.Б. да жоғары баға берді.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ЖОО аралық академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп, барлық алға қойылған міндеттер орындалды.