Дүниежүзілік бүйрек күні

10.03.2023ж. Ақтөбе медициналық орталығында Дүниежүзілік бүйрек күніне орай арнайы «Транспантацияға дейін БМСК деңгейіндегі нефрология мәселелері» атты конференциясы өткізілді.

Дүниежүзілік бүйрек күнін өткізуді халықаралық нефрологтар қоғамы 2005 жылы ұсынған және барлық елдерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында да өткізіледі. Соңғы жылдары бүкіл әлемде біз созылмалы бүйрек ауруы (СБА) бар науқастар санының тұрақты өсуін байқадық. СБА – бұл пациенттерде жағымсыз нәтижелердің, соның ішінде жүрек-қан тамырлары патологиясының, тұрақты мүгедектіктің және өлімнің даму қаупін бірнеше есе арттыратын фактор.

Біздің қаламызда мұндай іс-шара алғаш рет өткізілді, ұйымдастырушылар – Ақтөбе ОДСБ. Мақсаты – еліміздегі және Ақтөбе қаласындағы нефрологиялық көмектің жай-күйі туралы бастапқы буын дәрігерлерін ақпараттандыру, скринингтің көмегімен бүйректің созылмалы ауруы бар науқастарды ерте сатысында белсенді анықтау, СБА әртүрлі сатыларындағы пациенттерді жүргізу. Қала және облыс емханаларының отбасылық дәрігерлері, кардиологтар, эндокринологтар, резиденттер, созылмалы бүйрек ауруымен ауыратын науқастар, БАҚ (“Диапазон” газеті, “Рика ТВ”) қызметкерлері шақырылды.

Конференция жұмысына М. Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ қызметкерлері де қатысты: гистология кафедрасының жетекшісі, м.ғ.к., профессор Темирова Гульнар Аягановна және №2 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті Султанбекова Гульмира Амантаевна. Олар «Отбасылық дәрігердің тәжірибесіндегі СБА: қалай тануға болады және не істеу керек?» атты баяндамасын қорғады. Университет қызметкерлерінен басқа, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ізбасаров Б.У., бас штаттан тыс нефролог Януварова Д.Р., АМО бас дәрігері Сұлтангереев Е.Б., “БИОС” медициналық орталығының нефрологтары баяндама жасады.