Шетелдік профессор Амин Тамадонның семинарлары
27 ақпаннан бастап, университетімізде Иранның Шираз қаласындағы Медицина ғылымдары университетінің қауымдастырылған профессоры, PerciaVista R&D Co компаниясының негізін қалаушы Амин Тамадонның (Хирш индексі -18) семинарлары өтуде. Семинарлар жыл соңына дейін ай сайын жоспарлануда.
Семинарлар «Регенеративті медицина», «Жасушалар мен ұлпаларды бейнелеудің жаңа технологиялары», «Ғылыми медициналық мақалаларды жазу және жариялау», «Биостатистика» тақырыптарында өткізіледі. Семинарларда қызықты тақырыптар талқыланды, профессор Scopus, Web of Science деректер қорында Q1, Q2 журналдарындағы мақалаларды кейіннен жариялау үшін ғылыми жұмыстарды орындау кезінде кестелер мен графиктерді дұрыс құру дағдыларымен бөлісті.
13 наурызда профессор оқытушылар құрамы мен студенттер үшін айына бір рет өткізілетін Journal Club Discussions пікірталас клубын өткізе бастады. Ол – Frontiers ашық ғылыми платформасында арнайы шығарылымның редакторы Q1 журналына мақалалар жіберудің талаптары мен қосымша мүмкіндіктері туралы айтты.
Семинарларға оқытушылар, магистранттар, докторанттар, студенттер қатысты. Өтетін орны: 1 оқу корпусы, ПОҚ оқу залы, 101 аудитория.