Фармацевтикалық пәндер кафедрасында “Visiting-professor” бағдарламасын іске асыру
“Visiting-professor” бағдарламасын іске асыру шеңберінде 13.03. – 17.03 2023 ж. аралығында Васильева Светлана Ильинична, фармацевтика ғылымдарының кандидаты, Воронеж мемлекеттік университетінің фармацевтикалық химия және фармацевтикалық технология кафедрасының доценті, фармацевтика факультетінің студенттеріне дәріс оқыды.
“Фармация” мамандығының 4 курс студенттеріне “Өнеркәсіптік технология” және “Фармацевтикалық өндірістік инновациялық технология” пәндері бойынша қызықты және мазмұнды дәрістер оқылып, ZOOM платформасында онлайн режимде “Ампулаларды толтыруға дайындау. Ампулалық әйнектің химиялық және термиялық төзімділігін тексеру”, “Таблеткалар. Жіктеу. Таблеткалаудың теориялық негіздері. Таблетка өндірісінде қолданылатын қосалқы заттар, олардың жіктелуі, мақсаты”, “Драже, микродраже, спансул және түйіршіктер алу технологиясы”, “Инфузиялық ерітінділер. Жіктеу. Талаптар. Алу технологиясы” тақырыптағы лекциялар оқыды.Студенттер дәрісті құлшыныспен тыңдады, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, практикалық сабақтарда белсенді болды.
Сағынбазарова Ақжарқын Болатқызы фармацевтикалық пәндер кафедрасының жетекшісі, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы шетелдік профессорға зор алғыстарын білдіріп, академиялық және ғылыми бағыттарда одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді.