Каспий университетімен ынтымақтастық

Психология кафедрасының жетекшісі, м.ғ.к. Миралеева Алуа Исламчаевна, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Алматы қаласы Қоғамдық Каспий университетінде дәрістер курсын оқыды.

Сонымен қатар, жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің «Клиникалық психология» мамандығының 1-3 курс студенттеріне «Эмпатия», «Эмоционалдық интеллект», «Стресс», «Стресске төзімділік және стрессті басқару» тақырыптарында дәрістер оқылды. Университеттің медициналық факультетінің шетелдік студенттері үшін «Art listening», «Basic skills of the patiented –centered counselling», «Breaking bad news» тақырыптарында дәрістер оқылды. Студенттерге лекция тақырыптарының қалай қамтылғаны ұнады, олар көптеген сұрақтар қойды, алған білімдерінің болашақ жұмысына өте пайдалы болатынын атап өтті.

Миралеева Алуа Исламчаевна дәрістерден басқа «Психология» бағдарламасының оқытушыларымен, Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің жетекшісі және Каспий университетінің академиялық даму жөніндегі проректорымен кездесті. Қ.Жұбанов атындағы университетпен бірлескен «Клиникалық психология» білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге, сонымен қатар Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің психология кафедрасында ғылыми жұмыстарға, атап айтқанда, ғылыми-техникалық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобаларына біздің әріптестеріміз қызығушылық танытты. Біздің университеттер арасында жасалған меморандумның арқасында ынтымақтастық жалғаса береді.