Батыс Қазақстан облысына ғылыми сапарды жүзеге асыру

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын (2021-2023 жж.) ЖТН AP09058126 «Батыс Қазақстан ЖОО-да студенттердің кәсіби дайындық жағдайындағы әлеуметтік жауапкершілігі» ғылыми жобасының зерттеу тобының мүшесі және психология кафедрасының аға оқытушысы Жұмалиева Гүлмира Сайынқызы Орал қаласы, «М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КеАҚ «Мектепге дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасында ғылыми сапармен болды.

Ғылыми сапардың мақсаты – заманауи университетте кәсіптік оқыту аясында студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін семинар-тренинг және шеберлік-класс өткізу болды. Сонымен, ғылыми іссапардың бірінші күні университеттің барлық мамандықтар бойынша профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ» атты оқыту семинары өтті.

Екінші күнінде «УНИВЕРСИТЕТ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІН АРТТЫРУДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ» тренинг шеберлік-классы өтті. Осы іс-шараларға қатысушылар таңдалған зерттеу мәселелерінің өзектілігін, семинарлардың уақытылығын және тренердің жоғары кәсібилігін атап өтті.

«М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КеАҚ студенттері, оқытушылар құрамы және психология және арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі – Д.Г. Хабиеваға ғылыми және академиялық ынтымақтастыққа ізгі ниеті мен ашықтығы үшін, бірлесіп ұйымдастырылған барлық іс-шараларға белсенді шығармашылық танытып, қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз!