Қызылорда облысына кәсіби бағдар жұмысы
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті Ке АҚ оқытушылары А.Е Елубаева мен К.К Сембаева 13-17 наурыз аралығында Қызылорда қаласының мектеп бітіруші және медициналық колледж бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін іс-сапарда болды. Осы уақыт аралығында 4 медициналық колледж бен 45 мектеп-лицейлер қамтылды.
Университет туралы толық ақпарат берілді. Грант және ақылы түрде өту баллдары, жатақханамен қамтамасыз етілуі айтылды.
Барлығы 2869 адам қамтылды, университетке түсуді ниет еткен балалар саны- 209.