Шет елдік студенттерді Наурыз мейрамымен таныстыру
Наурыз – бұл бүкіл әлемнің көктем мен жылдың басталуымен, барша тіршіліктің ояну уақытымен байланысты ежелгі дәуірдің ең үлкен мерекелерінің бірі. Шығыс халықтары оны наурыз айының соңына дейін тойлаған.
Осы ретте университтеттің тілдер кафедрасының оқытушылар ұжымы шет елдік студенттерге арнайы Наурыз мейрамының маңызы мен мәнін жете ұқтыру мақсатында арнайы мерекелік шара ұйымдастырды. Кафедра ұстаздары Ерменова Қ.Қ., Қанлыбаева А.У., Даулетова Д.Д. халықаралық медицина факультетінің 1 курс студенттеріне арналған «Nauryz – the Great Holiday of Renascence and Spring » атты мерекелік іс-шараны таза ұлттық сипатта өткізді.
Мақсат – шетелдік студенттерді көктемгі Наурыз мейрамын тойлау арқылы оларды қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы және ұлттық ойындарымен таныстыру. Осы мерекеде «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттерінің орындауында қазақтың халқының әндері шырқалып, домбыра мен кобыз ұлттық аспаптары шертілді, ұлттық билер орындалды.
Сонымен қатар университетте білім алып жүрген шет елдік студенттерге ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық киім үлгілері, ұлттық ойындар және тағамдар туралы таныстырылым жасалды. «Жалпы медицина» факультетінің 222-топ студенттері жиналған қауымның назарына «Сырға салу» рәсімін ұсынып, мереке қонақтарына шашу шашып, Наурыз көже мен бауырсақ ұсынып, ұлттық нақыштағы әшекейлер тарту етті.
Бұл іс-шараға университеттің жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің маманы А.С. Аиекешева қатысып, шет тілдері курсының оқытушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамын мерекемен құттықтап, игі тілегін білдірді.