Халықаралдық пәндік олимпиададан 2-ші дәрежелі диплом жүлдегері
2023 жылдың 23-і наурыз күні Бішкек қаласында И.К. Ахунбаевтың туғанына 115- жыл толуына арналған медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған I-ші Халықаралық олимпиада өтті. Олимпиадаға қатысушы «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс 321А тобының студенті Атшыбаев Мағауия патологиялық физиология пәнінен білімімен көзге түсіп, 2-ші дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Бұл олимпиаданың мақсаты – студенттердің әртүрлі пәндер бойынша оқу іс-әрекетін ынталандыру, студенттердің бойындағы көшбасшылық және шығармашылық қасиеттерді ашу, ең талантты және дарынды оқушыларды қолдау, студенттерді іргелі және қолданбалы медицинада практикалық және ғылыми мәселелерді шешуге тарту, ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту және халықаралық байланыстарды нығайту.
Олимпиада 2 кезеңде өтті: 1-ші кезең тестілеу, сұрақ саны 30, ұзақтығы 30 минут. 2-ші кезең ауызша сұрау. а) пән сұрағы, б) ситуациялық мәселені шешу, в) практикалық дағдыларды бағалау. Бұл кезеңдер патологиялық физиология пәнінің өзекті тақырыптары мен басым мәселелерін қамтиды.
Қатысушылардың жауаптарын халықаралық қазылар алқасының мүшелері бағалады. Олимпиада жеңімпазы студент Атшыбаев Мағауия университетке және патологиялық физиология кафедрасының жетекшісі А.Н. Жексеноваға халықаралық олимпиадаға баруға және қатысуға мүмкіндігі болған үшін ризашылығын, сондай-ақ «Патологиялық физиология» пәнін оқуда алған іргелі білімін қолдана отырып, болашақ маман болу жолында өзін-өзі жүзеге асыруда баға жетпес тәжірибе жинақтағанын білдірді.