Жас ғалымдар конференциясы

2023 жылдың 27 сәуірінде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде «Ғылым: кеше, бүгін, ертең» атты жас ғалымдардың LXII халықаралық ғылыми конференциясы өтеді. Конференцияға қатысушылар әр түрлі ғылыми бағыттар бойынша 17 секцияны ұсынады, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларынан, атап айтқанда: Астана, Қарағанды, Семей қалаларынан жас ғалымдар қатысады.

Шетелдік әріптестер арасында Ресей, Қырғызстан, Башқұртстанның жас ғалымдары баяндама жасайды. Конференциямыздың қонақтары ғылымның қыр-сырын жетік білетін профессорлар, PhD доценттер, магистрлер сияқты дәрежелі өкілдер болмақ. Көрнекті медицина ғылымдарының докторлары, профессорлары мен кандидаттары шақырылады.

Сондай-ақ осы күні Ғылым күніне орай студенттік ғылыми үйірмелер (СНК) жәрмеңкесі өтеді, оның мақсаты – біздің болашақ ғалымдарымызды таныстыру жұмыстарын бастау. Жәрмеңкеге 17 СНК да қатысып, өз жұмыстары мен жетістіктерін көрсетеді.

Номинациялар CНК жұмысын бағалау нәтижелері бойынша беріледі. Ғылыми үйірмелердің белсенді студенттері жаңа дарынды жастарды тарту мақсатында түсіндіру және таныстыру жұмыстарын жүргізеді.