«Университеттің ПОҚ академиялық ұтқырлығы» бағдарламасы аясында педагогикалық тәжірибе алмасу
Психология кафедрасында 27.03.2023ж. және 31.03.2023 жылға аралығында «Педагогикалық кадрлардың академиялық ұтқырлығы» бағдарламасы аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Психология және арнайы білім кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы (PhD) Қазиев Қарас Оржанұлы кіріс ұтқырлығын жүзеге асырды.
Қонақ оқытушы Қ.О. Казиев «Жалпы медицина», «Стоматология», «Клиникалық психология» мамандықтарының 2 және 5 курстарына «Медицинадағы коммуникация дағдылары», «Науқасқа бағытталған оқыту», «Өзін-өзі реттеу және стресске қарсы тұра білу психотехнологиясы» пәндері бойынша сабақтар өткізді.».
Қ.О. Қазиев сабақ барысында оқытудың инновациялық әдістерін пайдаланды.Стресстік жағдайларды түзету және алдын алу жолдары, стресстік жағдайлардың диагностикасы тақырыбында клиникалық психология білім бағдарламасының студенттерімен дәріс семинар сабақтарын жүргізді. Сабақ барысында студенттердің стрестік күйлерін арнайы диагностика арқылы анықтап, түзету жұмыстары барысында изотерапияның бір элементі “үрлеу техникасы” арқылы стресті басқарудың жолдарымен таныстырды. Сондай-ақ цифрлық ресурстар арқылы студенттермен кері байланыс орнатып, пікірлерін тыңдады, сұрақтарына жауап берді. Студенттер сабаққа белсене араласты.
Қ.О. Қазиев қатысуымен ЖТН №АР09058126 «Батыс Қазақстан ЖОО-да студенттердің кәсіптік даярлығы бойынша әлеуметтік жауапкершілігі» ғылыми жобасы аясында «Заманауи университетте ғылыми зерттеулерді жүргізу тәжірибесі» тақырыбында әдістемелік семинар, кездесулер және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен және университет студенттерімен кеңестер өтті.
Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру әртүрлі қалалар мен елдердің ЖОО оқытушылары мен ғалымдары арасындағы достық қарым-қатынасты кеңейтуге мүмкіндік береді, педагогикалық тәжірибе алмасу қарқынды жүргізілуде, бұл оқыту сапасын жақсартады және оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттырады.