Құттықтаймыз!

Scopus ғылыми базасында индекстелетін халықаралық рецензияланатын «NATURE» журналында Q1 квартилімен, медицина ғылымдарының кандидаты, №2 ішкі аурулар кафедрасының профессоры – Жолдин Бекболат Құлжанұлының «Diminishing benefits of urban living for children and adolescents’ growth and development» мақаласы жарық көрді. Біз профессорды шын жүректен құттықтаймыз және оған одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!

  

Профессордың Хирш индексі -7. Сондай-ақ, автордың Q1 квартилімен Scopus және Web of science халықаралық дерекқорларында индекстелетін “LANCET”,”LIFE”, “NATURE”,”EUROINTERVENTION” сияқты жоғары рейтингті журналдарда мақалалары бар.