Маңызды ақпарат!
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылдың 31 қазандағы №600 бұйрығына (ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 26.01.2023 №29) өзгерістерстер енгізілді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібінің 3-тармағы:
«Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін үш жыл ішінде бейінді магистратураға ақылы негізде мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қабылдау, ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары күнтізбелік жыл ішінде өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша, түсу емтихандарынсыз жүзеге асырылады. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес, келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады».