Футбол турнирі басталды

Ректор кубогы таласқа түсетін жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ресми шараны басқарма төрағасы, м.ғ.д., профессор Ә.Ә.Қалиев өзінің құттықтау сөзімен ашып, аяқ допшыларға сәтті ойын тіледі.

Содан соң жанкүйрелердің мол қошеметімен турнирге қатысатын, 1-курс студенттері бастаған, командалар таныстырылды. Ректор Кубогы үшін ойын алаңында университеттің барлық курстарының командалары өзара кездесетін болады.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде студенттердің көркем өнерпаздары жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй тарту етті. Жанкүйерлердің ерекше қошеметіне бөленген «Авиатор» БЖӨСМ «Жастар» футбол командасының мүшелері болды.

Салтанатты ашылу рәсімін турнирдің бас төрешісі Е.Ж. Шалғынбаев қорытындылап, футбол жанкүйерлерін турнир кестесімен таныстырды. Алғашқы жарыс 3 және 4-курс студенттерінің футболшылары арасында басталды.

Аяқ доп жарысы Жастар Аренада 11- 28 сәуір аралығында сағат 17 00-де басталатын болады.