Назар аударыңыз, Байқау!
Медицина қызметкері күніне орай “ЖОО-ның үздік оқытушысы” ЖОО – ішілік байқауына өтінімдерді қабылдау басталды.
Конкурстың мақсаты: университеттің профессор-оқытушылар құрамының кәсіби-педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына ынталандыруды арттыру арқылы ПОҚ ғылыми әлеуетінің белсенділігін ынталандыру болып табылады.
Конкурсқа құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде үш жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар және педагогикалық , ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар БҚМУ КЕАҚ штаттық ПОҚ қатыса алады.
Құжаттар 2023 жылғы 02 мамырға дейін персоналды дамыту бөлімінде қабылданады.
Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталады (1 орын – 750 000 теңге; 2 орын – 500 000 теңге; 3 орын – 300 000 теңге).
Марапаттау салтанатты жағдайда Медицина қызметкері күні қарсаңында өтеді.
Толық ақпарат алу үшін персоналды дамыту бөліміне (бас корпус, 105 кабинет) хабарласуға болады.