Профессор В.Р. Межебовскийдың келуі
10.04-14.04.2023 аралығында «Visiting professors» бағдарламасы аясында фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасына м.ғ.д. профессор Межебовский Владимир Рафаилович – Орынбор мемлекеттік медицина университетінің фтизиатрия және пульмонология кафедрасының меңгерушісі В.Р. Межебовский келді. Профессор сапарында «Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттері мен 6-курс интерндеріне, резиденттерге, Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының клиникалық базасы мен амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарының дәрігерлеріне дәрістер курсын оқып, мастер-кластар және семинарлар өткізді.
Білім алушылар туберкулездің патогенезі, патоморфозы, диагностикасы, емі және профилактикасы туралы заманауи түсініктер алды. Микобактериозды, спецификалық емес өкпе ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері туралы семинарлар қызығушылық тудырды. Сапардың тәжірибелік бөлігінде клиникалық талқылаулар, тыныс алу жолдарының ауыр аурулары бар науқастарға консультациялар берілді.
Барлық қатысушылар сапар бағдарламасының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, ғылыми атмосфераны және профессор В.Р. Межебовскийдың өткізген мастер-кластары мен семинарлардың қолданбалы бағытын атап өтті. Кафедраның ПОҚ, клиникалық базаның дәрігерлері фтизиопульмонологияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.