Құрметті университет ұжымы, студенттер!

Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймыз!

«Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағыналарды білдіреді. Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Ораза айт мейрамында жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайды. Осынау сәулелі сәтте баршаңызға риясыз ниетпен Алланың амандығы мен берекесін тілейміз. Жаратқан жанұяларыңызға жар болсын!

Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі.

Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілейміз. Алла Тағала баршамызды келесі Рамазанға дейін аман-есен жеткізіп, мол сауапқа кенелуді нәсіп еткей!

Айт қабыл болсын, ағайын!