КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫ ОЙЫНЫ

Университетте Темірбек Жүргеновтің 125-жылдығына арналған жастар ісі жөніндегі қызметтің ұйымдастыруымен «Көңілді тапқырлар клубы» ойыны өтті. Айтулы шараға әділ қазы болып, Жоғары лига чемпионы Азамат Балтабекұлы, Ақтөбеге танымал шоумен, асаба Саламат Жылқыбаев, Ақтөбе жоғары лигасының редакторы Аманкелді Ерғазыұлы және белгілі блогер, Әділет Дауылбайұлы ( Упучук ) келді.

Жалпы саны 5 команда қатысып, университет кубогін сарапқа салды. Олар :

  1. «Интрига»,
  2. «The drama legends»,
  3. «На антидепрессантах»,
  4. «Act Attack»,
  5. «Емшілер» командалары.

Шарада жастар ісі жөніндегі қызмет жетекшісі Мирамгул Серікқалиқызы мен «Жайдарман» сайысының ұйымдастырушысы, М.Оспанов атындағы БҚМУ құрамасы – КВН командасының жетекшісі Айнұр Жәнібекқызы қатысқан командалар мен қонақтарға алғысын жеткізді. Биылғы сайыстың бұрынғыдан бір өзгешелігі – Халықаралық факультет студенттерінің өз алдына команда құрып, тыңғылықты дайындалып, өнерлерімен таң қалдыра білгені болды!

Аққағаз Досжанова атындағы Конференц – холлды әзілге бөлеген «жайдарманшылардың» сайысы тартысқа толы болды. Бірінің әзілі бірінен өтеді. Әр команданың ойы – сарапқа салынған кубокты еншілеп, үйлеріне жеңіспен оралу.

Шара барысында болашақ дәрігерлердің «Жайдарманға» жақын екендіктерін байқадық. Сайыс екі кезеңнен тұрды: Сәлемдесу және биатлон.

Ойын барысында сыннан сүрінбей өткен “На антидепрессантах” командасы 1-орынды еншіледі. “Act Attack” 2-орынға лайық деп танылып, “Емшілер” командасы 3-орынды иеленді. Үздік ойыншы боп, Халықаралық факультет студенті Бхарти Челси танылды. Ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар мен сый-сияпатқа ие болды.