«Visiting Professor»
17-22 сәуір аралығында Марат Оспанов атындағы БҚМУ «Visiting Professor» бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық аясында «Жалпы гигиена» кафедрасының ұйымдастыруымен м.ғ.д., ДДҰ профессоры және сарапшысы Арингазина Алтын Муафиковнаның сапары өтті.
Профессор А.М. Арингазинаның БҚМУ ректоры А.А. Қалиевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында университетті одан әрі дамыту және оның халықаралық денсаулық пен білім беруді нығайту одағына (IUHPE) кіру, биомедицина және денсаулық ғылымдары бойынша PhD білім беру жөніндегі Еуропалық ұйыммен (ORPHEUS) ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу нәтижесінде профессор А.М. Арингазинаның бастамасымен IUHPE атқарушы директоры университетке IUHPE академиялық институционалдық мүшесі болу туралы ресми хат жолдады (штаб-пәтері Монреаль қаласында, Канадада орналасқан).
«Жалпы гигиена» кафедрасында ғылыми мақалаларды рецензиялау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Университет қызметкерлері үшін «Шетелдік журналдарда ғылыми мақалалар жариялау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – университет қызметкерлерінің рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдық белсенділігін арттыру.
«Жалпы гигиена» кафедрасының «Global COVID-19 Survivors Study» жобасының зерттеу тобы мүшелері үшін мастер-класс өткізілді, оның барысында денсаулық мәселелерінде сауаттылықты зерделеу жөніндегі еларалық жобаны зерттеу нәтижелері талқыланды. Бұл жобаға Еуропа мен Азияның 32 елі тартылған.
Профессор А.М. Арингазина «General Hygiene» пәні бойынша Халықаралық медицина факультеті студенттерінің практикалық сабақтарына қатысты. Сондай-ақ, ХМФ студенттері үшін «Health Promotion: Discipline and Development» дәрісін өткізді.
Дәрістің мақсаты – өз денсаулығын бақылауды күшейту және алдағы кәсіби қызметте болашақ пациенттердің денсаулығын жақсарту мақсатында студенттердің денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық деңгейін арттыру. Дәріс барысында тыңдаушылар профессормен пікірталастарға белсенді қатысып, денсаулықты нығайту және қорғау бойынша сұрақтарға жауап алды.