Тістердің реставрация өнерінің мегаталанттары.

2023 жылғы 21-22 сәуірінде Алматыда Бірінші Ұлттық стоматологиялық конгресі аясында KADY ұйымының ұйымдастыруымен барлық медициналық университеттердің стоматолог студенттері арасында олимпиада өтті. Бұл іс-шара Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университетінің қабырғасында өтті. Марат Оспанов атындағы БҚМУ студенттері «Мегамастер Қазақстан» реставрация бойынша олимпиадаға және 4 турдан тұратын «Хирургиялық стоматология» секциясы бойынша олимпиадаға қатысып, қазылар алқасымен бағаланды.

Университетіміздің студенттері Қазақстан мен Өзбекстан медициналық жоғарғы оқу орындарының 8 командасының арасында құрметті 2-ші орынды иеленіп, сертификаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Реставрация бойынша олимпиададан Женис Аягоз «Безграничное творчество» дипломын, Тыныштыкалиева Дильназ «Профессионализм и смекалка» дипломын, Кайратов Кулмухаммед «Будущее стоматологии(КСА)» дипломын алды.