«МЕЙІРБИКЕЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ИННОВАЦИЯЛАР, ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНГІЗУ»

Пленарлық отырыс

Бұл халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне және Ақтөбе облыстық орта медицина қызметкерлері қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына арналған.

Конференция делегаттары күннің 1-ші жартысында пленарлық отырыста «Сервистік дизайн мысалында сапалы мейіргерлік зерттеулер», «Мейірбике ісін басқару – сапа стандарттарын енгізу» тақырыптарын талқылады.

«Мейіргер ісіндегі стресс пен эмоционалды күйзелістің алдын алу» атты шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Ресей, Қырғызстан мемлекеттері мен Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Жамбыл облыстарынан келген делегаттар Ақтөбе облыстық перинаталдық орталықтағы орта буын медицина мамандары жұмысының ұйымдастырылуы мен үйлестіру қызметімен танысты.

Конференция шеңберінде Бәйішев медициналық колледжінің оқу-тәжірибелік базасында клиникалық таныстырылым өткізілді. Оның жұмысына «Ресейдің мейірбикелер қауымдастығы»бүкілресейлік қоғамдық ұйымы, Қырғызстан республикасының медициналық колледждер қауымдастығы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Судха Рани Гупта, «Primary health care» ұлттық қауымдастығы, Мәншүк Мәметова атындағы Жоғары Ақтөбе медициналық колледжі Баишев Ақтөбе қаласының жоғары медициналық колледжінің өкілдері қатысты.

Конференцияның ұйымдастырушылары Ақтөбе орта медицина қызметкерлерінің қауымдастығы, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, мейірбике ісін жетілдіру орталығы.